Malim.kz
Қоғам

"Ауыз ашарға фото, видео түсіру үшін баратындар": Белгілі дінтанушы маман үлкен мәселені ашып айтты (ВИДЕО)

Мадияр Қапанбек
видеодан скриншот

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары Ермек Қасболатұлы Malim Podcast алаңында сұхбат беріп, ауызашар кезінде фото-видео түсіріп, әлеуметтік желіге жариялайтындар туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Malim.kz.

Журналистің "Ауызашарға тек түсірілім үшін баратындар бар ма?" деген сауалына ол амалдың бәрі ниетке байланысты екенін атап өтті.

"Мұсылман – мұсылманның айнасы" деген сөз бар. Барлық амал ниетке тіреледі. Біреуді сырттай сөгу қиын, себебі оның жүрегіндегі ниетін білмейміз. Қазақта "Қуанышты бөліссең, көбейеді", "Қайғыны бөліссең, азаяды" дейді. Біздің халық қуанышты да, қайғыны да бөлісе біледі. Әлеуметтік желіге салынған дүниелердің бәрін бірдей мақтан деп қабылдау дұрыс емес", – деді ол.

Діни басқарма өкілі кейбір видеоларды игі іске үндеу ретінде қарастыруға болатынын жеткізді.

"Мұндай жазбаларды "мен бардым – сен де кел", "мен көмектестім – сен де көмектес" деген ниетпен түсіну керек шығар. Әрине, арасында мақтаншақтар болуы мүмкін. Кеше ғана Меккеде жүріп, кейін бұрынғы қалпына түсетіндер де бар. Бірақ бәрін бірдей айыптау әділетсіз", – деп түйіндеді Ермек Қасболатұлы.

Мадияр Қапанбек
Автордың басқа материалдары