Malim.kz
Қоғам

Автобус апаты: Екі аяғынан айрылған қызға автопарк өмір бойы жәрдемдеседі

• Malim Админ

Астанадағы автобус апатынан зардап шегіп, екі аяғынан айырылған Алуаның отбасына автопарк өмір бойы көмектеседі. Бұл туралы автопарк басқарма төрағасы Мадияр Тұқпатов зардап шеккен қыздың туыстарымен кездесуінде айтты.


“№1 автопарк басшылығы  өмір бойы көмектесуге уәде берді. Бұл уәдені заң жүзінде рәсімдейміз деп отыр”, – дейді Алуаның туыстары.

5 баланы жалғыз тәрбиелеп отырған Махаббатқа жан-жақты материалдық қолдау көрсетіледі және барлық қажетті шығындары өтелмек. 

Еске сала кетейік, осыған дейін қыздың отбасына: 

Сақтандыру компаниясы — 19,6 млн теңге өтемақы;

Автопарк басшылығы — 10 млн теңге көмек;

Қала әкімдігінен — 4-бөлмелі пәтер берілді.

Фотоколлаж: qaz365.kz  

Malim Админ
Автордың басқа материалдары