Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ) АҚШ пен оның одақтастарына Иран бұғаттаған Ормуз бұғазын күш қолдану арқылы ашуға көмектесуге дайын, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.
The Wall Street Journal басылымының мәліметінше, егер мұндай қадам жүзеге асса, БАӘ Парсы шығанағындағы Иранға қарсы әскери іс-қимылдарға қатысқан алғашқы мемлекетке айналмақ.
WSJ дерегіне сүйенсек, БАӘ дипломаттары АҚШ пен Еуропа және Азиядағы әскери державаларды бұғазды күшпен ашу үшін коалиция құруға шақырған. Әмірліктердің бір өкілі Иран билігі өзін «тіршілік үшін күресіп жатырмыз» деп есептейтінін және Ормуз бұғазын бұғаттау арқылы әлемдік экономикаға ауыр соққы беруге дайын екенін айтқан.