Malim.kz
Қоғам

БАӘ-де қаза тапқан екі қазақстандықтың денесі елге жеткізілді

Арман Қайыпхан
Фото: СІМ

Қазақстанның Дубайдағы Бас консулдығы БАӘ-де қаза тапқан Ақжан Боханова мен Жұлдыз Боханованың денелерін Қазақстанға жеткізуді ұйымдастырды, деп хабарлайды Malim.kz.

Қазіргі уақытта қазақстандықтардың қаза болу жағдайына байланысты БАӘ құқық қорғау органдары тергеу жүргізіп жатыр.

Қазақстандық дипломаттар жергілікті прокуратура және басқа да тиісті органдармен байланыста жұмысын жалғастыруда.

Сонымен қатар марқұмдардың отбасыларына қажетті көмек көрсетіліп жатыр.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары