Қазақстан қаржы министрлігіне қарасты мемлекеттік кіріс комитетінің хабарлауынша, мұндай ақпарат декларациялар мен шетел ведомстволарымен дерек алмасу арқылы алынған, деп хабарлайды Malim.kz Azattyq.org-ке сілтеп.
Комитет дерегінше, 2025 жылы декларанттар БАӘ-де 168 жылжымайтын мүлікті тіркеген, оның алдында 49 нысанды көрсеткен.
Бұған дейін Дубайдағы Fairmont The Palm қонақүйі маңы дронмен атқыланғаннан кейін ондағы кешенде қазақстандықтардың пәтерлері туралы ақпарат шыққан еді. Комитет өкілдері ол пәтерлер жөнінде тексеріс жүргізілмегенін хабарлаған.
Осы аптада Қазақстан Бас прокуратурасының активтерді қайтару қызметі "қазақстандықтардың Дубайдағы 97 пәтері туралы" ақпаратты тексеруға негіз жоқ екенін айтқан.