Отандық әуе компаниялары Біріккен Араб Әмірліктерінен 28 ақпан мен 10 наурыз аралығында рейстері тоқтатылған жолаушыларды алып кету үшін 10 наурызда репатриациялық рейстерді орындамақ, деп хабарлайды Malim.kz.
Репатриациялық рейстер Оман астанасы Маскат арқылы мынадай кестеге сәйкес орындалады:
KC2264 Маскат-Алматы рейсі
ұшып шығу 12:30, ұшып келу 17:40.
KC2258 Маскат-Алматы рейсі
ұшып шығу 14:30, ұшып келу 19:40.
KC2254 Маскат-Алматы рейсі
ұшып шығу 16:30, ұшып келу 21:40.
Жергілікті уақыт көрсетілген.
Жолаушыларға Дубайдан Маскатқа тегін трансфер ұсынылады.
Айта кетейік, бұған дейін Таяу Шығыстан 7300 қазақстандық елге оралғанын жаздық.