Malim.kz
Қоғам

"Баянжан, өзіңе сенеміз": Мақпал Жүнісова танымал продюсерге үндеу жасады (ВИДЕО)

Қайсар Қанат
Alash.kz коллажы

Әнші Мақпал Жүнісова продюсер Баян Мақсатқызына арнайы үндеу жолдап, марқұм Арман Дүйсеновтің отбасына баспана мәселесін шешуде қолдау көрсетуін сұрады, деп хабарлайды Malim.kz.

Мақпал Жүнісованың айтуынша, желіде Арман Дүйсеновтің жары Айсұлудың “баспанасыз қалдық” деген жанайқайы көптеген адамның жүрегіне әсер еткен.

"Бұл жағдай бізді қатты толғандырады. Қолымнан келсе, өзім-ақ алып беретін едім. Бірақ мен байдың келіні емеспін, бар табысымды анама, бауырларыма, отбасымның қажетіне жұмсаймын. Әкімдікке де хабарласып көрдім, бұрынғыдай бос пәтерлер жоқ екен. Зәкең әкім болған кезде Шерхан Мұртаза ағамыз телерадио саласында 20-30 жыл үй жалдап жүрген қызметкерлерге 60 пәтер алып бергенін, Олжас Сүлейменов ағамыз да шығармашыл жандарға 20 пәтер бөлгізгенін білетінбіз. Өкінішке қарай, қазір мұндай мүмкіндік жоқ", – дейді әнші.

Осы ретте Мақпал Жүнісова үміт артып отырған жалғыз адамның – Баян Мақсатқызы екенін атап өтті.

"Баянның жолдасы Тұрсын мырзаны миллионер, тіпті миллиардер деуге болады. Арман бауырымыз – Баянның жерлесі, Оралдың тумасы. Кезінде Баянның жобаларына қатысып, оның бірнеше жұмысына оранжировка жасап, шығармашылық байланыста болған. Сол сыйластық бар ғой деп ойлаймын. Баянжан, өзіңе сенеміз. Жолдасыңмен ақылдасып, Арманның артында қалған отбасының баспана мәселесін шешуге көмектеседі деп шын үміттенемін", – деді Мақпал Жүнісова.

Қайсар Қанат
Автордың басқа материалдары