Ел Тәуелсіздігінің 35 жылдығы мен Астана күніне орай «Байрағы биік байтағым» республикалық жазба ақындар мүшәйрасы өтеді, деп хабарлайды Malim.kz.
Мүшәйраның мақсаты – тәуелсіз Қазақстанның рухын, ұлттық бірлігі мен елдік мұратын жырлайтын поэзиялық шығармаларды дәріптеу, жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу және ақындарға шығармашылық қолдау көрсету.
Мүшәйраның міндеттері:
Ақындық өнерді дамыту және насихаттау;
Жаңашыл ақындарды қолдау;
Ақындардың шығармашылық және көшбасшылық қабілеттерін анықтау;
Рухани-мәдени құндылықтарды дәріптеу;
Мәдени мұраны сақтау, дамыту және тарату;
Жастарды ұлтжандылыққа тәрбиелеу;
Ұлттық және әлемдік мәдени құндылықтарға бейімдеу.
Мүшәйра шарты:
Әр қатысушы төмендегі екі бағыт бойынша өлең ұсынуы тиіс:
Азаттық тақырыбындағы бір өлең;
Астанаға арналған бір өлең (лирика, толғау, баллада және т.б.).
Негізгі талаптар:
Ұсынылған шығармалар бұрын еш жерде жарияланбаған және басқа әдеби байқауларға қатыспаған болуы қажет;
Қатысушының жасы 18-ден жоғары болуы тиіс;
Арнайы білімге шектеу қойылмайды;
Өлеңдер компьютерде 14 шрифтпен терілуі қажет;
Хатта міндетті түрде: қатысушының аты-жөні, қысқаша өмірбаяны, мекенжайы, байланыс телефоны, электронды поштасы көрсетілуі тиіс.
Марапаттау:
Бас жүлде – 1
I орын – 1
II орын – 2
III орын – 3
Ынталандыру сыйлығы – 5
Жеңімпаздар дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.
Қазылар алқасы:
Үміткерлердің шығармаларын кәсіби қазылар алқасы бағалайды.
Сарапшылар пікірі бойынша ең үздік авторлар мүшәйраның қорытынды кезеңіне шақырылады.
Шығармаларды қабылдау мерзімі:
2026 жылғы 10 маусымға дейін
Қабылдау поштасы:
Байланыс телефоны:
📞 +7 747 702 97 97
Ескерту:
- Шығармаларды көрсетілген поштаға жібергеннен кейін келіп түскендігі немесе қабылданғандығы жайлы ақпарат сіздің поштаңызға жауап-хат ретінде келеді. 24 сағат ішінде кері байланыс болмаған жағдайда ғана байланыс нөміріне хабарласып, анықтауыңызға болады.
- Мүшәйраға қатыса отырып, қатысушылар ұйымдастыру комитетіне шығармаларды, фото және бейнематериалдарды бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде және ақпараттық материалдарда пайдалануға келісім береді.
- Кәсіби фото және бейнетүсірілім ұйымдастыру комитетінің алдын ала келісімімен ғана жүзеге асырылады.