Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов балалар үшін әлеуметтік желіде шектеулер енгізуге қатысты заңнаманы өзгерту мерзімін атады. Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлады.
Қазіргі кезде ондай шектеулерді жаңа аккаунттарға қатысты қолдану мәселесі қаралып жатыр. Ал бұрынғы аккаунттарға шектеу қойылмайды.
"Бұл жерде маңызды бір мәселені ескеру керек. Әзірше бұның барлығы әлі талқыланып жатыр. Бүгінде сан алуан пікір бар. Аккаунттарды тіркеу жағынан шектеу бола ма, жоқ әлде желіге кіру жағынан шектеу бола ма, әзірше белгісіз",- деді Кочетов сенаттағы брифингте.
Оның айтуынша, заң жобасы жылдың соңында парламентке түседі.
"Жылдың соңында біз бұл мәселені парламентпен талқылауды бастауымыз қажет. Сол кезде нақты ұсыныстар болады", - деді вице-министр.