Malim.kz
Қоғам

"Балаларға да әке керек емес": Шавкат Рахмоновтың әйелі ажырасқанын айтып, ел естімеген шындықты ашты (ВИДЕО)

Мадияр Қапанбек
SN.kz коллажы

Қазақстандық танымал файтер Шавкат Рахмоновтың жұбайы Гүлайым Рахмонова әлеуметтік желіде ажырасқаны туралы мәлімдеп, көпшілікті таңғалдырды, деп хабарлайды Malim.kz.

Оның айтуынша, олар ресми түрде екі жаққа кеткен. Гүлайым жазбасында балалардың өзімен қалғанын айтып, қазіргі таңда төрт баланың анасы екенін және бесінші сәбиін күтіп жүргенін жеткізді.

"Балалар ажырасқаннан кейін анасына ғана керек. Бүгін ол бәрібір аналарына ұқсап кетеді деп өз балаларынан бас тартты… Соншалықты қамқор әке бір күннің ішінде өзгеріп, балаларын керек етпей қалады деп ешқашан ойламаппын. Иә, мен төрт бала дүниеге әкелдім, қазір бесіншісін күтіп жүрмін. Әкесіне баласы керек болмаса, балаға да әкесі енді керек емес. Алла маған балаларымды өсіруге күш-қуат берсін", – деп жазды ол.

Ал Шавкат Рахмонов бұл жағдайға қатысты әзірге ешқандай пікір білдірген жоқ.

Айта кетейік, бұл жағдай қоғамда кеңінен талқыланып жатқан тағы бір мәселемен қатар өрбіп отыр. Бұған дейін Гүлайым Рахмонова адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасына байланысты іс аясында тергеліп жатқан болатын. Аталған апат 2025 жылдың 27 шілдесінде Алматы – Екатеринбург тас жолында болған. Оқиға салдарынан екі адам көз жұмып, тағы екі адам жарақат алған.

Қазіргі таңда бұл іс сотта қаралып жатыр. Сараптамалар мен куәгерлердің айғақтары негізінде соңғы шешімді сот шығарады.

Мадияр Қапанбек
Автордың басқа материалдары