Malim.kz
Қоғам

Балалары бар ата-аналардың жұмыс күнін қысқаруы мүмкін

Арман Қайыпхан
Фото: pixabay

Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин Сенатта өткен брифингте жұмыс істейтін ата-аналар үшін жұмыс уақытын қысқарту жөніндегі депутаттық ұсынысқа қатысты өз көзқарасын білдірді, деп хабарлайды Malim.kz.

Вице-премьер бұл бастама туралы алғаш рет естіп тұрғанын айтты, бірақ идеяны қолдауға болатын бірнеше тұсын атап өтті.

«Мұндай тәжірибе әлемнің кейбір елдерінде бар. Үйде қалып, үй шаруасын атқару, әсіресе балаларға қарау — бұл да өнімділік. Оны елемеуге болмайды», — деді Жұманғарин.

Ол экономикада да мұндай аспектілер есепке алынатынын, сондықтан ұсынысқа терең талдау қажет екенін атап өтті.

«Экономикада есептелмейтін дүние жоқ. Сол себепті бұл бастаманы жан-жақты бағалау керек. Депутаттардан түскен кез келген ресми ұсыныс міндетті түрде қаралады», — деді вице-премьер.

Айта кетейік, бұған дейін Мәжіліс депутаты Қарақат Әбден кішкентай балалары бар ата-аналардың жұмыс күнін қысқарту бастамасын көтерген болатын.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары