Malim.kz
Әлем

Балалары төбелесіп қалған екі әке мектеп ауласында бір-біріне оқ атты

Қайсар Қанат
Glasshouse Images / Getty Images

Украинаның Львов қаласында оқушылар арасындағы жанжал үлкендерге ұласып, мектеп ауласында атысқа дейін барған, деп хабарлайды Malim.kz.

UNIAN дерегінше, оқиға туралы Львов қалалық кеңесінің білім және мәдениет департаментінің директоры Андрей Закалюк мәлімдеген.

Айтуынша, бір сыныпта оқитын екі оқушының төбелесінен кейін олардың әкелері мектеп директорына шақырылған. Алайда әңгіме аяқталған соң да тараптар өзара айтысуды тоқтатпаған. Сол сәтте ер адамдардың бірі пневматикалық тапанша шығарып, бірнеше рет оқ атқан. Алдын ала ақпаратқа қарағанда, төрт рет оқ шығарылған.

Салдарынан екінші әке ішінен және аяғынан жарақат алған. Оқиға орнына полиция мен жедел жәрдем келіп, тиісті жұмыстар жүргізіп жатыр.

Мектептегі оқушылар мен мұғалімдерге ешқандай қауіп төнбеген, зардап шеккендер жоқ.

Қайсар Қанат
Автордың басқа материалдары