Malim.kz
Қоғам

Баланы әскерде өлсін деп туған жоқпыз. Аналар митингке шықты /видео/

Ереке Базарқұл
© kazinform.kz

Әскери борышын өтеп жүріп көз жұмған сарбаздардың аналары митингке шықты деп хабарлайды malim.kz тілшісі Tizgin.kz басылымының паблигіне сілтеме жасап.

Басылым таратқан видеода, бірнеше әйел шамамен, Астана қаласындағы Министрліктер үйінің алдына келген. Олар ұстаған плакаттарда - "Реформа талап етеміз!", "Баланы әскерге барып өлсін деп туған жоқпыз" деген жазбалар бар.

Аналардың бірі өздерінің - әскерде қаза болған, мүгедек болған сарбаздардың ата-аналары екенін айтады. Олар әскерде бейбіт күні болып жатқан келеңсіздіктерге алаңдайтынын жеткізді. Сонымен бірге, митинг тобы атынан сөйлеген әйел - әскерде сарбаз өлімін тоқтатуға белсенді араласуға дайын екендерін мәлімдеді.

Соңғы кездері әскердегі әлімжеттік, жарғыдан тыс қатынастар проблемасы қоғамда жиі көтеріліп жүр. Өткен аптада сенатор Андрей Лукин премьер-министр Олжас Бектеновке осы мазмұндағы сауал жолдаған еді.

Ереке Базарқұл
Автордың басқа материалдары