Malim.kz
Қоғам

Балқаштағы кафеде болған төбелес атыспен аяқталды

Арман Қайыпхан
Фото: polisia.kz

21 мамыр күні түн ортасында Балқаш қаласындағы кафелердің бірінде таныс адамдар арасында жанжал шыққан, деп хабарлайды Malim.kz.

Ауызша кикілжің кейін төбелеске ұласып, оның барысында травматикалық қару қолданылған.

Оқиға салдарынан мекеме даяшысы оқ жарақатын алған. Полицияның хабарлауынша, жарақат денеге өтпеген.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаға қатысы бар барлық тұлғалар анықталған.

Тәртіп сақшылары күдіктілердің жүрген жерін анықтап, оларды ұстау бойынша жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары