Бангладеште әскери ұшақ колледж ғимаратына құлап, 19 адам мерт болды, деп хабарлайды Malim.kz BBC-ге сілтеме жасап.
Бангладеш әскери-әуе күштеріне тиесілі оқу-жаттығу ұшағы астана Дакканың солтүстігіндегі колледж аумағына құлаған. Оқиға кезінде студенттер емтихан тапсырып, сабақта отырған. Қаза тапқандар қатарында ұшқыш та бар. 100-ден астам адам түрлі күйік жарақатымен ауруханаларға жеткізілген.
Оқиға орнына армия штабының басшысы генерал Вакер-Уз-Заман келді.
Фото: GETTY IMAGES