Malim.kz
Әлем

Банк басшысы Путинге өтірікті соғып жіберді

Ереке Базарқұл
© РФ президентінің баспасөз қызметі

Ресейлік Sber банкінің басшысы Герман Греф Путинмен кездесу барысында оған жаңсақ ақпарат берген деп хабарлайды malim.kz тілшісі.

Кремльдің баспасөз қызметі таратқан хабарламада, Ресей президенті Путин мен Sber банкінің басшысы Герман Грефтің кездесуі кезінде келбет арқылы төлеу технологиясы туралы әңгіме болған екен. Осы орайда Герман Греф президентке:

"Біздікіндей технологиялар әлемде әзірге жоқ. Әлемде жоқ екі технология - келбетпен төлеу және "Вжух" -

депті.

"Вжухқа" тоқталсақ, бұл - төлем жасауға санкция салдарынан қиындық тудырған Apple Pay жүйесіне балама.

"Олар NFC деп аталатын портты жауып тастады. Соның салдарынан ресейліктер төлем жасауда қиындыққа тап болып отыр. Біз оны Bluetooth арқылы жасадық. Оны жауып тастау мүмкін емес", -

депті Герман Греф "Вжух" технологиясы хақында.

Алайда, технологиялық басылымдар келбетпен төлеу технологиясы бірнеше мемлекетте әлдеқашан барын растайды. Түрлі деректерге қарағанда, Қазақстан, Қытай, Үндістан және тағы бірқатар мемлекеттерде келбет тану технологиясы арқылы төлем жасау (face-swiping payment) әдісі бұрыннан бар екен.

Ереке Базарқұл
Автордың басқа материалдары