Заңгер Нұрболат Ибраев банктер халықты қанап жатқанын айтты. Оның пайымынша, Қазақстандағы қаржы ұйымдары жоғары мөлшерлемелерді ұсынып, мейлінше қарызға батыруға тырысып жатыр. Сорақысы, ешбір банк қарызға батқан тұрғынмен келісімге келуге тырыспайды.
Бірінші кезекте, банк мәртебесі туралы заңды өзгерту керек. Яғни, сот шешінсіз банктер ештеңе талап ете алмау керек. Бұл норма конституцияда да бар. Алайда банктер келісімшартқа ең кіші қаріппен жылдық сыйақы мөлшерлемесін жазып, елді алдап отыр. Ол жерде соттың шешімін күтпейді. Демек, біз бәрін ішкі жұмыстардан бастауымыз керек - деді заңгер.
Мерзімді төлемін кешіктірген кісі мүлде төлем жасамауға құқылы дейді заңгер. Себебі, ешқандай жаза қарастырылмаған. Мәселен, қаржы ұйымы тек пайызын ғана ұстайды, ал екі не үш банкке қарыз болса, шоттағы ақшаны толық бұғаттайды. Алайда, ондай құқықтары жоқ. Тіпті кісінің конституциялық құқын таптау деп айтуға болады.
Көптеген қазақстандықтар заңды жете білмейді. Мәселен, сіздің айлық төлеміңіз 300 мың. Бірақ сіз ай сайын 200 мың төлейсіз делік. Демек, сіз айына 200 мың төлеп, қарыздан құтыламын деп ойлайсыз. Оның бәрі бекер. Себебі, сіз тек үстіндегі сыйақысын ғана төлейсіз. Мүмкін екі-үш жыл болуы ықтимал. Сома өзгермейді - деді заңгер.