Malim.kz
Әлем

БАҚ-та Иранның экс-президенті қаза тапқанын жайлы хабар тарады

Арман Қайыпхан
Фото: depositphotos.com/ChinaImages

БАҚ пен Telegram-арналар Израиль мен АҚШ шабуылдары салдарынан Иранның экс-президенті Махмуд Ахмадинежад қаза тапқаны туралы хабар таратты. Бұл ақпарат әзірге ресми түрде расталған жоқ, деп хабарлайды Malim.kz.

Хабарламаларға сәйкес, Ахмадинежад бірнеше оққағарымен бірге өлуі мүмкін.

Айта кетейік, Иранның экс-президенті қаза тапқаны туралы қауесет өткен жазда да тараған болатын. Сол кезде 17 маусым күні Тегеранда бетперде киген қарулы адамдар оны, жұбайын және екі баласын өлтіргені туралы мәлімет тараған еді.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Иранның жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменеи қайтыс болғанын мәлімдеген еді.

Кейін Иранда Әли Хаменеи АҚШ пен Израиль соққылары салдарынан қаза тапқаны расталды. Оның резиденциясы әуе соққыларынан толық қираған. Ел үкіметі 40 күндік жалпыұлттық аза тұту және 7 күндік демалыс жариялады.

Өтпелі кезеңге жаңа жетекші ретінде аятолла Әлиреза Арафи тағайындалды. Ол — Иранның жоғары билік органдарындағы ықпалды тұлғалардың бірі әрі марқұм Хаменеиға сенімді адам саналады.

Арафи елдің жоғарғы басшылығының функцияларын уақытша атқаратын жетекші кеңестің мүшесі болып тағайындалды. Кеңес құрамына сондай-ақ Иран президенті Масуд Пезешкиан және сот жүйесінің басшысы Голям Хосейн Мохсени-Эджеи кірді.

Сонымен қатар Иран елдің әскери басшылығы арасында елеулі шығын болғанын мәлімдеді.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары