Malim.kz
Экология

Барлық өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Арман Қайыпхан
Фото: Ақорда

"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 20 желтоқсанда елдің барлық өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Malim.kz.

Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Атырау қ: 20 желтоқсанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Жетісу облысының таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с.

Жамбыл облысының таулы аудандарында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, түнде облыстың таулы аудандарында, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Тараз қ.: 20 желтоқсанда кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі.

Астанада қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Ақтөбе облысында көктайғақ, күндіз облыстың орталығында, оңтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында тұман күтіледі. Батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстік-шығысында екпіні 15-18 м/с. Ақтөбе қ: 20 желтоқсанда түнде көктайғақ күтіледі.

Ақмола облысында қар, бұрқасын, тұман, көктайғақ күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында қатты қар күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда 25 м/с. Көкшетау қ.: 20 желтоқсанда қар, бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарда қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ. Облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 15-20 м/с. Шымкент қ.: 20 желтоқсанда күндіз көктайғақ күтіледі. Кей уақыттарда тұман. Түркістан қ.: 20 желтоқсанда кей уақыттарда тұман күтіледі.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде қар, жаяу бұрқасын, күндіз қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-18 м/с. Қарағанды қ.: 20 желтоқсанда кей уақыттарда қар, жаяу бұрқасын күтіледі.

Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде қар, жаяу бұрқасын, күндіз қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде екпіні 15-18 м/с. Жезқазған қ.: 20 желтоқсанда таңертең және күндіз қар, жаяу бұрқасын күтіледі.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Алматы қ.: 20 желтоқсанда түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі. Қонаев қ.: 20 желтоқсанда түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады кей уақытта екпіні 15-20 м/с.

Қызылорда облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында көктайғақ, тұман күтіледі. Қызылорда қ: 20 желтоқсанда күндіз көктайғақ күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Орал қ: 20 желтоқсанда тұман, көктайғақ күтіледі.

Абай облысының солтүстігінде аздаған қар күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с. Семей қ.: 20 желтоқсанда жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстіктен соғады, екпіні 15-18 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде аздаған қар күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Өскемен қ.: 20 желтоқсанда жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, екпіні 15-18 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысында қар, бұрқасын, тұман, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты қар күтіледі. Облыстың батысында көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 25 м/с, күндіз күші 15-20, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 25 м/с. Петропавл қ.: 20 желтоқсанда қар, бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.

Павлодар облысында қар, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Павлодар қ.: 20 желтоқсанда қар, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында, орталығында тұман, көктайғақ күтіледі.

Қостанай облысында қар, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Қостанай қ.: 20 желтоқсанда қар, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары