Malim.kz
Қоғам

Бас прокуратура: Алаяқтар SMS пен мессенджер арқылы жаңа схеманы қолдануда

Арман Қайыпхан
Фото: freepik.com

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Қылмыстық қауіп-қатерлер мен қоғамдық қауіпсіздік тәуекелдерін болжау орталығы мессенджерлер мен SMS арқылы таралатын жалған жеткізілім хабарламаларына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Malim.kz.

Шетелдік дереккөздерге сүйенсек, алаяқтар пайдаланушыларға курьер қызметтерінен келгендей көрінетін мәтіндер жібереді. Онда сәлемдемені тапсыра алмағаны айтылып, арнайы сілтемеге өтіп, жеткізілімді қайта ресімдеуге ұсыныс жасалады.

Алайда көрсетілген сілтемелер логистикалық компаниялардың ресми сайтына еліктейтін алаяқтық ресурстарға апарады. Қолданушы жеке деректерін (Т.А.Ә., ЖСН, мекенжай) және аз соманы төлеу арқылы сәлемдемесін қайта алуын сұраған кезде, қылмыскерлер банк деректемелері мен құпия мәліметтерге қол жеткізіп, қаржылық және жеке қауіп-қатер тудырады.

Алаяқтықтан сақтану үшін:

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары