Бастауын Ресейден алатын трансшекаралық 5 өзенде су деңгейі көтерілген. Соның әсерінен Қазталов пен Жаңақала аудандары жанынан өтетін Қараөзен мен Сарөзенде су шамадан тыс артық жиналып жатыр.
Ал Деркөл мен Шаған өзендеріндегі су деңгейі қауіпті шекке жеткен. Жайықтағы су да көбейе түскен.
Батыс Қазақстан әкімдігінің хабарлауынша, табиғи апат аймағынан 4 мыңға жуық адам көшірілген. Олардың тең жартысы балалар. Эвакуацияланған азаматтарға қажетті жағдай жасалуда.
Фото: Интернеттен