Malim.kz
Спорт

Бейбіт Жұқаев – Уимблдонның негізгі кезеңіне шыққан алғашқы қазақ

Арман Қайыпхан

Қазақстандық теннисші, Ақтау теннис мектебінің түлегі Бейбіт Жұқаев (ATP 251) алғаш рет Grand Slam турнирінің негізгі кезеңіне жолдама алды. Ол — әйгілі Уимблдонға өткен алғашқы қазақ теннисші, деп хабарлайды Malim.kz.

Іріктеудің шешуші матчында Жұқаев франциялық Лука Павловичті (ATP рейтингінде 239-орын) 3:6, 6:3, 6:2, 7:6 (7:5) есебімен жеңіп, тарихи жеңіске жетті. Былтыр дәл осы жарыста финалға дейін жетіп, жолдамадан бір қадам қалғанда қарсыласынан жеңіліп қалған болатын.

Бұл — 24 жастағы спортшының мансабындағы айтулы жетістік.

Өкінішке қарай, басқа қазақстандық теннисшілер Михаил Кукушкин, Дмитрий Попко мен Тимофей Скатов іріктеуден өте алмады.

Нәтижесінде, 2024 жылғы Уимблдон турнирінің негізгі кезеңінде Қазақстан атынан келесі спортшылар бақ сынайды:

Негізгі кезеңнің жеребесі жұма күні таңертең өтеді.

Фото: ҚТФ

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары