Malim.kz
Қоғам

Беймезгіл жүрген балалардың заңды өкілдеріне 45 млн теңге айыппұл салынған

Malim Админ

Кәмелетке толмаған балалардың заңды өкілдерінің ертіп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болғаны үшін жыл басынан бері 4 475 тұлға 45 млн теңге айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылған, деп хабарлайды Malim.kz.

Сондықтан Бас прокуратура мұндай жағдайға әкімшілік жауапкершілік көзделгенін еске салды.

Айта кетейік, ӘҚБтК-нің 442-бабы 1-бөлігі бойынша заңды өкілдерге 3 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған. Осы тәртіппен биылғы 5 айда 2 474 тұлға 14 646 711 теңге айыппұл арқалаған.

Ал ӘҚБтК-нің 442-бабы 2-бөлігі бойынша заңды өкілдеріне ескерту жасауға әкеп соғады. Осы норманы бұзғаны үшін 46-дан астам тұлғаға ескерту жазасы тағайындалған.

Сонымен қатар, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде құқықбұзушылықты қайталап жасағаны үшін (ӘҚБтК 442-бабы 3-бөлігі) 7 АЕК айыппұл қарастырылған. Соның негізінде 2 001 тұлғаға 30 274 003 теңге көлемінде айыппұл салынған.

Аймақ бойынша аталған санаттағы ең көп құқықбұзушылықтар мына өңірлерде тіркелген:

Шымкент қ. – 4 425;

Түркістан – 4 122;

Алматы – 4 036;

Жамбыл – 3 865;

Манғыстау – 3 549.

Фото: almaty.tv

Malim Админ
Автордың басқа материалдары