Malim.kz
Қоғам

Бейнероликтер байқауы қорытындыланды

Арман Қайыпхан

Маңғыстау облысының білім басқармасының тапсырысымен, «Қолдау» орталығы жекеменшік мекемесінің ұйымдастыруымен «InBilim» жобасы аясында «Оқушыммен жеткен жетістігім»  атты жалпы және арнайы білім беру ұйымдарындағы арнайы педагогтер арасындағы бейнероликтер байқауы қорытындыланды, деп хабарлайды Malim.kz.

Байқаудың мақсаты: ерекше білім беруге қажеттілігі бар білім алушылардың қоғамға бейімделуін арнайы педагогтердің нәтижелі жұмысы арқылы арттыру жәе өңірдегі арнайы педагогтердің инклюзивті білім беруді енгізудегі үздік тәжірибелерін таныстыру.

Байқау 2025 жылдың қазан айының 22-і мен қараша айының 15-і аралығын қоса алғанда желіде арнайы хэштегтермен жарияланды. 

Үздік деп танылған жұмыстардың авторлары Маңғыстау облысы білім басқармасының Білім берудің оқу-әдістемелік орталығы мен «Қолдау» орталығының арнайы І орын (біреу), ІІ орын (біреу), ІІІ орын (біреу) дипломдарымен және сыйлықтарымен марапатталды.

Байқау нәтижесінде 1 орынды «Жаңаөзен арнайы мектебі» КММ Ахметова Гүлдана Русланқызына,  10 –сынып оқушысы Полатбай Елсұлтан Полатбайұлына берілді. 2 орынды Түпқараған психологиялық –педагогикалық түзеу кабинеті, музыкалық терапия жетекшісі Избенова Айгуль Шаулекеновна мен оқушысы Райымбекұлы Ахмад иеленсе, 3 орын Боранқұл ППТК педагог-психологы Машырықова Аида Берікқызы мен оқушысы  Масен Еркебұланға бұйырды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы дипломдар мен түзете-дамыту жұмыстарында қолданылатын бокстар сыйға берілді.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары