Malim.kz
Саясат

Бектенов Қазақстанның Түркиямен тығыз ынтымақтастыққа дайын бағыттарын айтты

Айбын Атабай
Үкімет

Қазақстан Түркияны «Деректерді өңдеу орталықтары алқабы» инфрақұрылымын бірлесіп дамытуға шақырады. Бұл туралы Үкімет үйінде Түркия Вице-президенті Жевдет Йылмазбен Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі комиссияның 14-отырысын өткізіп жатқан Премьер-министр Олжас Бектенов айтты.

Қазақстан Үкіметінің алдында ел экономикасының барлық салаларын жаңғырту үшін жасанды интеллектіні толыққанды енгізу міндеті тұр. Астанада Орталық Азиядағы ең ірі екі суперкомпьютер кластері іске қосылып, Alem.AI халықаралық жасанды интеллект орталығы ашылды. Инвесторларға арналған «Деректерді өңдеу орталықтары алқабы» жобасы арнайы салық жеңілдіктері мен энергетикалық ұсыныстар арқылы іске асырылып жатыр. Қазақстан осы инфрақұрылымды бірлесіп дамытуға шақырады, - деді Олжас Бектенов.

Үкімет басшысы Түркі мемлекеттері ұйымының аясында Киберқауіпсіздік кеңесін және CubeSat-12U серігін бірлесіп жасау жобасы іске асырылып жатқанын айтты.

- IT-білім беру, финтех, киберқауіпсіздік және электрондық қызметтер салаларында да бірлескен жұмысқа үлкен мүмкіндік бар. Қазақстан Түркиямен осы бағыттардың барлығында тығыз әріптестікке дайын, - деді Премьер-министр.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары