Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Премьер-министр, Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны кезеңінің салдарын жою жөніндегі республикалық штабтың жетекшісі Олжас Бектенов Атырау облысында болып жатқан жағдайды тексерді, деп хабарлайды Malim.kz.
Ол аумақты тікұшақпен аралап, өзен жағалауларын нығайту жұмыстарының барысын қарады. Олжас Бектенов Құлсары қаласының тұрғындарымен сөйлесіп, олардың қабылданып жатқан шараларды күшейту бойынша сұрақтарына да жауап берді, - делінген Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарламасында.
Сондай-ақ Үкімет басшысы Жайық және Жем өзендеріндегі жағдаймен танысты. Жылыой және Қызылқоға аудандарында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы ТЖ режимі сақталып отыр. Бүгінде Қызылқоға ауданындағы Миялы, Аққора, Жангелдин, Жасқайрат және Көздіқара ауылдарында қауіп-қатер сейілді.
Өз кезегінде тұрғындар мен волонтерлер тұрғын үй секторын су басуына жол бермеу бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр.
Фото: primeminister.kz