Malim.kz
Қоғам

Белгілі журналист, ақын Жұмабек Табынбаев қайтыс болды

Арман Қайыпхан
Фото: https://t.me/madenietaqparat

Белгілі журналист, ақын, прозашы, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасының «Ақпарат саласының үздігі» Жұмабек Айдарбекұлы Табынбаев өмірден өтті, деп хабарлайды Malim.kz.

Жұмабек Табынбаев еңбек жолын 1978 жылы бастап, әр жылдары өңірлік және республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында қызмет етті. Ол журналистикамен қатар ақын әрі прозашы ретінде де қазақ әдебиетіне өзіндік үлес қосты.

Қаламгердің «Өмір – керуен», «Соғыс туралы шындық», «Жадымдасың, жарқын бейне» және басқа да еңбектері оқырман тарапынан жоғары бағаланды. Оның шығармалары ұлттық әдебиет пен публицистиканың дамуына елеулі үлес қосты.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары