Malim.kz
Әлем

Берлин, Париж және Лондон Иранды шабуылдарын тоқтатуға шақырды

Арман Қайыпхан
Фото: REUTERS

Берлин, Париж және Лондон Иранды Таяу Шығыс елдеріне жасаған шабуылдарын тоқтатуға шақырды, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.

Германия, Франция және Ұлыбритания басшылары Тегеранның әрекеттерін қатаң айыптап, мәселені келіссөздер арқылы шешуді талап етті.

Германия канцлері Фридрих Мерц, Франция президенті Эмманюэль Макрон және Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер Иранды «талғамай жасалатын әскери соққылардан» бас тартуға шақырды. Олар Иранның аймақтағы америкалық әскери базалар орналасқан елдерге соққы беруін сынға алды.

Мәлімдемеде бұл әрекеттер АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы әскери операциясына жауап ретінде жасалғаны айтылды. Бұған дейін АҚШ пен Израиль Иран аумағына жаппай әуе соққыларын жасаған, ал Тегеран жауап ретінде Израильге және аймақтағы АҚШ базаларына қарсы шабуылдар ұйымдастырған.

Үш ел өздерінің бұл соққыларға қатысы жоқ екенін атап өтті, бірақ АҚШ, Израиль және аймақтағы серіктестерімен тығыз байланыста екенін жеткізді. Сондай-ақ олар өңірлік тұрақтылықты сақтау мен бейбіт тұрғындардың өмірін қорғауға бейілді екенін растады.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары