Malim.kz
Қоғам

Бестеректегі трагедия: 6 баланы қаққан жүргізушісі 9 жылға сотталды

Арман Қайыпхан
Фото: видеодан кадр

55 жастағы жүргізуші 4 баланың өліміне кінәлі деп айыпталған болатын, деп хабарлайды Malim.kz.

Ол эпилепсия диагнозымен есепте тұрғанына қарамастан көлік басқарған.

«Сотталушы қауіпсіздігі төмен режимдегі түзеу колониясында жазасын өтейді және көлік құралын басқару құқығынан 7 жылға айырылды», - дейді Абай облыстық полиция департаменті.

Сондай-ақ, ол қаза тапқандардың отбасына 50 млн теңге көлемінде моральдық өтемақы төлейді. 

19 тамызда ер адам  үй маңында ойнап жүрген бір топ баланы көлікпен басып кетті. Алты баланың төртеуі қайтыс болды.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары