Malim.kz
Спорт

Бибісара Асаубаева АҚШ-тағы супертурнирде алғашқы жеңісіне жетті

Сабина Асқарқызы
Фото: Анна Штурман

АҚШ-тың Сент-Луис қаласында өтіп жатқан Cairns Cup 2026 шахмат супертурнирінде Бибісара Асаубаева алғашқы жеңісін тіркеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Төртінші турда қазақстандық шахматшы ФИДЕ рейтингінде 12-орында тұрған швейцариялық Александра Костенюкпен кездесті. Ақ фигуралармен ойнаған Бибісара қарсыласынан басым түсіп, турнирдегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

Бұған дейін Асаубаева алғашқы үш турда украиналық Анна Музичук, үндістандық Рамешбабу Вайшали және америкалық Элис Лиге қарсы партияларын тең аяқтаған болатын.

Осылайша, төрт турдан кейін қазақстандық шахматшының еншісінде 2,5 ұпай бар. Ол турнир кестесінде екінші орында келеді.

Төрт турдан кейінгі үздік үштік:

Тань Чжунъи (Қытай) – 3,5 ұпай;

Бибісара Асаубаева (Қазақстан) – 2,5 ұпай;

Дивья Дешмух (Үндістан) – 2,5 ұпай.

Cairns Cup 2026 турнирінің жалпы жүлде қоры 250 мың АҚШ долларын құрайды.

Сабина Асқарқызы
Автордың басқа материалдары