Malim.kz
Спорт

Бибісара Асаубаева Франциядағы беделді турнирдің жеңімпазы атанды

Сабина Асқарқызы
Фото: norwaychess.no

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Францияның Сен-Тропе қаласында өтіп жатқан WR Women’s Chess Tour 2026 турнирінде рапид бойынша чемпион атанды, деп хабарлайды Malim.kz.

Қазақстандық шахматшы жарыстың шешуші кезеңіне дейін неміс шахматшысы Элизабет Петц пен грузиялық Нино Бациашвилиден басым түсті.

Финалда Асаубаева украиналық Мария Музычукпен кездесті. Музычук финалға дейін нидерландтық Элин Руберс пен үндістандық Конеру Хампиді жеңген болатын.

Шешуші кездесуде Бибісара Асаубаева Мария Музычукты ұтып, WR Women’s Chess Tour 2026 рапид турнирінің жеңімпазы атанды.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық шахматшы АҚШ-тың Сент-Луис қаласында өткен Cairns Cup 2026 супертурнирінде 5 ұпай жинап, үшінші орын алған. Ол жарыс қорытындысы бойынша 35 мың АҚШ доллары көлемінде жүлдеге ие болды.

Сабина Асқарқызы
Автордың басқа материалдары