Елімізде электромобиль саны бір жылда 55,6 пайызға өскен. 2026 жылғы 1 маусымдағы дерек бойынша елде 24 634 жеңіл электромобиль тіркелген.
Олардың басым бөлігі Алматыда жүр. Қалада 15 280 электромобиль бар, яғни Қазақстандағы барлық жеңіл электромобильдің шамамен 62 пайызы Алматыға тиесілі. Астанада 2 885 электромобиль тіркелген.
Ал электромобиль ең аз өңір - Ұлытау облысы: мұнда небәрі 41 көлік бар. Осылайша Алматы мен Ұлытау арасындағы айырмашылық 370 еседен асады, деп хабарлайды Malim.kz Ұлттық статистика бюросының дерегі бойынша.