Белгілі журналист Гүлмира Әбқай YouTube желісіндегі "Алаш Орда" арнасына берген сұхбатында Атырау облысында болған резонансты оқиғаға қатысты көзқарасын білдірді, деп хабарлайды Malim.kz.
Журналисттің айтуынша, қоғамды қазір "Мейрамгүл мен Наурыз, сондай-ақ Сұлтанның жұбайы Ақбаян аман ба?" деген сауал мазалап отыр. Осы мәселеге қатысты ол өз ой-пайымын ашық айтып, алаңдатарлық болжамын жасырмады.
"Егер мен көріпкел болсам, мән-жайды толық айтар едім. Бірақ қазір көріпкелдердің өзі әртүрлі болжам жасап жатыр. Елдің бәрі "Көріпкелден сұраңыз" деген соң, әлемге аты белгілі көріпкелдермен де байланыстық. Болжам сан алуан. Ал жеке пікірімді сұрасаңыз, бір адам ғана тірі қалады, төрт адам табылмайды деп айтар едім", – деді ол.