Malim.kz
Қоғам

"Бірге жыладық": Қазақ жауынгері Шавкат Рахмоновтың әйеліне қатысты ел естімеген дерек шықты

Мадияр Қапанбек
ашық дереккөзден

Өткен жылдың жазында болған жол апатынан екі әйел көз жұмған еді. Осы іс бойынша айыпталушы ретінде танылған Гүлайым Рахмонованы марқұмның туыстары кешіретінін мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Сот отырысында қаза тапқан әйелдің әкесі қайғылы жағдай туралы тек кешкі уақытта білгенін айтты. Оның сөзінше, сол күні Алматыдағы үйлеріне айыпталушының туыстары мен жол апатынан көз жұмған екінші әйелдің анасы келіп, кешірім сұраған.

"Олар бізден кешірім сұрады. Сол жерде бірге жыладық", – деді марқұмның әкесі сотта.

Сондай-ақ ол айыпталушы тарап марқұмның денесін Жамбыл облысынан жеткізуге көмектесіп, жерлеу рәсіміне байланысты шығындардың бір бөлігін өз мойнына алғанын жеткізді.

Судья "айыпталушыны кешіресіз бе?" деп сұрағанда, марқұмның әкесі:

"Бұл – жол. Жолда не боларын ешкім білмейді", – деп жауап берген.

Айта кетейік, көз жұмған әйелдің артында 2006 жылы туған ұлы қалған.

Еске сала кетсек, қайғылы оқиға 2025 жылдың жазында Жамбыл облысындағы Алматы – Екатеринбург тасжолының 296-шақырымында болған. Тергеу мәліметіне сәйкес, Гүлайым Рахмонова Қарағандыдан Алматыға қарай көлікпен келе жатқан. Оның жанында әпкесі, ұлы және құрбысы болған.

Жолдың 296-шақырымында Toyota Land Cruiser көлігі жүргізушінің басқаруынан шығып кетіп, жол жиегіндегі қоршауға соғылып аударылған. Апат салдарынан бір әйел оқиға орнында көз жұмса, екіншісі ауруханаға жеткізілер жолда қайтыс болған.

Ал Гүлайым Рахмонова мен оның ұлы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген.

Мадияр Қапанбек
Автордың басқа материалдары