Malim.kz
Қоғам

Бірінші сыныптардың атауы желіде талқыға түсті

Алуа Әшірбекова
Көрнекі фото: canva.com

Әлеуметтік желіде қазақстандық мектептердің біріндегі бірінші сыныптардың әріппен белгіленуі қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Malim.kz.

Sadaq Media мәліметінше, 1 қыркүйекте тараған кадрларда мектепте 1 «Ф», 1 «Х», тіпті 1 «Ш» сыныптарының бар екені көрсетілген. Бұған дейін көпшілікке үйреншікті «А», «Ә», «Б» секілді сыныптардан бөлек, әліпбидің кейінгі әріптеріне дейін жеткені желі қолданушыларын таңғалдырды.

Әлеуметтік желі қолданушылары жағдайды әзілге айналдырып, бірінші сынып оқушыларын «карантин балалары» деп атап жатыр.

Алайда жазба авторлары мұның артында маңызды мәселе тұрғанын атап өтті. Ата-аналар кей мектептерде оқушы санының шамадан тыс көптігі мен орын тапшылығына алаңдаушылық білдірген.

Желіде тараған көрініс мектептердегі сынып саны мен білім беру ұйымдарының жүктемесі мәселесін қайта күн тәртібіне шығарды.

Алуа Әшірбекова
Автордың басқа материалдары