Дүйсенбі, 13 шілдеде Қазақстанның батыс, солтүстік-батыс, солтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде бұршақ түсіп, екпінді жел соғады, деп хабарлайды Malim.kz.
Ал оңтүстік, шығыс және орталық аймақтарда жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Синоптиктердің болжауынша, республика бойынша жел күшейеді, ал оңтүстікте шаңды дауыл болуы мүмкін. Түнде және таңертең еліміздің батысы мен солтүстігінде тұман күтіледі.
Сонымен қатар бірқатар өңірде ауа температурасы +35…+45 градусқа дейін көтеріліп, жоғары өрт қаупі сақталады. Тұрғындарға аптап ыстық кезінде сақтық шараларын ұстанып, өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау ұсынылады.