Malim.kz
Қоғам

Бірыңғай уақыт белдеуіне өзгеріс енгізіле ме? Бектенов не дейді?

Malim Админ

Талқыға түсіп жатқан бірыңғай уақыт белдеуі туралы сұраққа Премьер-Министр Олжас Бектенов жауап берді. Үкімет басшысы мұндай шешімге бекерден-бекер келмегенін айтты. 


«Сауда министрі өз баяндамасында қолданыстағы уақыт белдеуіне қатысты жан-жақты дәлелдерді келтіре отырып нақты жауап берді. Үкімет бұл шешімді қолдайды. Біз бірыңғай уақыт белдеуіне бекерден-бекер ауысқан жоқпыз. Ел аумағының көп бөлігі 5-ші уақыт белдеуінде орналасқан. Сондықтан ғылыми тұрғыдан бұл дұрыс шешім. Сауда және Ақпарат министрліктеріне жан-жақты ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырамын», - деді Олжас Бектенов.

Фото: Үкімет

Malim Админ
Автордың басқа материалдары