Бұрынғы прокурор Айжан Аймағанова прокуратура органдарындағы қызметінен кетті, деп хабарлайды Malim.kz.
Оның айтуынша, «Әділет» партиясы оны Құрылтай депутаттығына кандидат ретінде ұсынғаннан кейін қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес мемлекеттік қызметтен кету туралы шешім қабылдаған. Себебі прокуратура қызметкерлеріне саяси партиялардың мүшесі болуға тыйым салынған.
Айжан Аймағанова бұл шешімді саналы түрде қабылдағанын атап өтті. Оның сөзінше, кәсіби тәжірибесі мен білімі заң шығару қызметінде және азаматтарды толғандыратын өзекті мәселелерді шешуде пайдалы бола алады.