Malim.kz
Қоғам

Бишімбаев өзі отырған түрме әкімшілігіне қарсы шағым жазды

• Арман Қайыпхан

Сотталған бұрынғы министр Қуандық Бишімбаев сотқа шағым түсірген, деп хабарлайды Malim.kz.

Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің хабарлауынша, экс-шенеунік түрме әкімшілігі оған көтермелеу бермейтінін айтқан.

"Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, сотталғандарға жазаны өтеу тәртібі бұзылған жағдайда көтермелеу қолданылмайды. Бұл сотталушының бір рет тәртіп бұзғанын ескерсек, оған көтермелеу қолданылмайды", – делінген хабарламада.

Қуандық Бишімбаевтың арызы қанағаттандырылмады.

Фото: Жоғарғы сот

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары