Malim.kz
Қоғам

Бишімбаевтың адвокаты өзін әлдекімдер қорқытып жатқанын мәлімдеді

Malim Админ

Ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевтың адвокаты Ерлан Ғазымжанов әлдекімдер өзіне қоқан-лоққы көрсетіп жатқанын айтып, полицияға арыз жазды, деп хабарлайды Malim.kz.

ІІМ мәліметтері бойынша, қазір бұл фактке байланысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. 

Белгісіз тұлғалардың қорқытуы бойынша Қылмыстық кодекстің 409-бабы 2-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексеру басталды, - деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайларын толық және жан-жақты зерделеуді қамтамасыз етуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, оның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Бұл қылмыс бойынша айыпты 3 мың АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салу (2024 жылы 11 миллион теңгеден астам) немесе 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру/бас бостандығын шектеумен жазаланады.

Фото: Жоғарғы сот

Malim Админ
Автордың басқа материалдары