Malim.kz
Әлем

Бішкекте ер адам қызды таспен ұрып, басын жарып жіберген (ВИДЕО)

Қайсар Қанат
Flickr / Joe Chavez

Бішкекте ер адам қызды таспен ұрып жаралады, деп хабарлайды Malim.kz.

Куәгерлердің айтуынша, оқиға 19 қараша күні кешке болған. Автобустан түскен қыз үйіне қарай келе жатқанда, бейтаныс ер адам кенеттен оған тап беріп, жерге құлатқан. Threads платформасының қолданушысы болған куәгердің сөзінше, жігіт қыздың басын таспен бірнеше рет ұрған, тек жолдан өтіп бара жатқан адамдар араласқаннан кейін ғана тоқтаған.

Азаматтар қызды шабуылдаушының қолынан алып шығып, күдіктіні милиция қызметкерлеріне тапсырған.

Қырғызстан ІІМ мәліметінше, 27 жастағы ер адам ұсталған. Шабуыл жасаған сәтте оның мас күйде болғаны анықталды. Оған қатысты "Бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қайсар Қанат
Автордың басқа материалдары