Malim.kz
Әлем

Биыл әлемде 54 журналист көз жұмған

Malim Админ

Биыл әлемде 54 журналист қызмет бабында қайтыс болған. Тиісті деректерді «Шекарасыз тілшілер» халықаралық ұйымы ұсынған.


Қайғылы оқиғалардың дені әскери іс-қимылдар жүріп жатқан елдерде тіркелген. Қазір бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері үшін ең қауіпті аймақ – Газа секторы.

Бұдан бөлек, 550 журналист қамауда отыр. Бұл былтырмен салыстырғанда біршама көп. БАҚ өкілдерінің көбі Қытай, Мьянма, Израиль мен Беларусь түрмелерінде жазасын өтеп жатыр.

Фото: Pixabay.com

Malim Админ
Автордың басқа материалдары