Malim.kz
Қоғам

Биыл оқу жылы қашан аяқталатыны белгілі болды

Malim Админ

Ведомствоның Telegram-дағы мәліметінше, елімізде мектептерде төртінші тоқсан 1 сәуірден 25 мамырға дейін жалғасады. Төртінші тоқсанның ұзақтығы 8 оқу аптасын құрайды. Сонымен бірге 25 мамырда қорытынды шығарылып, оқу жылы аяқталады.

Айта кетейік, бүгін елімізде бірінші сыныпқа құжат қабылдау басталды. Құжаттарды қабылдау тамыздың 31-іне дейін жалғасады.

Балалар бірінші сыныпқа алты жастан бастап ата-анасы немесе заңды өкілінің өтініші негізінде қабылданады. Өтінішпен бірге №065у формасындағы денсаулық жағдайы туралы анықтама, 026/у-3 баланың денсаулық паспорты және баланың екі дана 3х4 фотосуреті болу керек.

Өтініш демалыс және мереке күндерді қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады. 

Фото: интернеттен

Malim Админ
Автордың басқа материалдары