Malim.kz
Қоғам

"Біз оған жалына бермейміз": Сәбит Әбдіхалықов қызының ұзатуына неге келмегені белгілі болды

Мадияр Қапанбек
Фото-коллаж: Malim.kz / ЖИ

Танымал әнші Алтынай Жорабаева қызының ұзату тойында бұрынғы жұбайы, актер Сәбит Әбдіхалықовтың неге болмағанын түсіндірді, деп хабарлайды Malim.kz.

Өнер иесінің айтуынша, қыздары әкесімен араласуға бұрын өздері талпынып, үйіне барып, жағдайын сұрап жүрген. Алайда кейін әкелері тарапынан тұрақты байланыс пен қамқорлық болмаған соң, араласу сиреген.

"Басында қыздар барып жүрді, үйіне де барды, жағдайын сұрап тұрды. Өзі сұрамағаннан кейін, біз оған қайта-қайта бара берудің қажеті жоқ деп ойлаймын. Өзі іздемесе, көмектеспесе, жағдайын сұрамаса, біз оған жалына бермейміз", – деді Алтынай Жорабаева.

Әнші қазіргі жұбайы Әлішердің қыздарына әкелік қамқорлық танытып жүргенін де атап өтті. Оның сөзінше, бойжеткендер Әлішерді аз уақыттың ішінде жақын қабылдап, "папа" деп атай бастаған.

"Әлішер қыздарды қанатының астына алды, әкелік махаббатын берді. Мен үшін Әлішердің сезімі маңызды. Тек биологиялық әкесі болғаны үшін оны төрге отырғыза алмаймын", – деді ол.

Сонымен қатар Алтынай Жорабаева бұрынғы жұбайына өкпе сақтамайтынын айтып, қыздарына да кек сақтамауға кеңес беретінін жеткізді. Ол Сәбит Әбдіхалықовқа қазіргі отбасымен амандық пен бақыт тіледі.

Мадияр Қапанбек
Автордың басқа материалдары