Астанадағы оқыс оқиға кезінде ерлікпен көз жұмған жас фельдшер Ұлдана Мырзуанның жұбайы Әділет Зейнел Threads желісінде жан тебірентерлік жазба қалдырды, деп хабарлайды Malim.kz.
Жас жұбайлар сегіз жыл жүріп, тек 2025 жылы шаңырақ көтерген. Бірақ отбасылық бақыттары ұзаққа созылмады – Ұлдана отау құрғандарына небәрі екі апта өткенде дүниеден өтті.
Әділет Зейнел жарымен танысқан күннен бастап соңғы сәтке дейінгі естеліктерін бөлісті:
"Жаным, біз 2017 жылы танысып, 2025 жылы ғана шаңырақ құрдық. Сен бізбен небәрі екі апта ғана тұрдың, бірақ 20 жыл бірге өмір сүргендей үлкен із қалдырдың. Бәрімізге шексіз бақыт сыйладың. Мен сені жақсы көремін. Біз сені жақсы көреміз. Сағынышым шексіз… Алла маған нағыз махаббатты сезіндіру үшін сені жолықтырды. Кейін сол сезіммен бірге сені де алып кетті. 18.11.2025 – өмірімдегі ең ауыр күн", – деп жазды ол.