Malim.kz
Әлем

Bloomberg: Уиткофф Ушаковқа Трампқа не айту керегін кеңес берген

Арман Қайыпхан
Фото: Getty Images

Bloomberg агенттігі Украина бойынша «бейбіт жоспарға» қатысты Ресей, Украина және АҚШ арасындағы келіссөздер барысын қамтитын екі телефон әңгімесінің жазбасы жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

Алғашқы әңгіме, мәліметке сәйкес, 2025 жылдың қазан айында Ресей президентінің сыртқы саясат жөніндегі көмекшісі Юрий Ушаков пен Трамптың арнайы өкілі Стив Уиткофф арасында өткен. Әңгіме барысында Уиткофф Путин Трамппен қалай сөйлесуі керектігін, Ресейдің Украина бойынша келіссөздердегі позициясын күшейту үшін қандай риторика қолдануы тиіс екенін талқылайды. Сондай-ақ Ресейдің бейбіт келісімге мүдделі екенін АҚШ президентіне қалай көрсетуге болатыны сөз болады.

Екінші телефон әңгімесі, Bloomberg дерегінше, Ушаков пен Ресей президентінің шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі Кирилл Дмитриев арасында өткен. Дмитриев кейін Киевке ұсынылған «бейбіт жоспар» туралы айтады:

«Менің ойымша, олар (АҚШ) біздің нұсқамызды толық қабылдамайды, бірақ оған барынша жақын нұсқасын алады», — дейді ол.

Екі әңгімеде де Ушаковтың болуы оны тыңдаған тұлғаның дәл өзі болуы мүмкін деген болжам тудырады. Алайда жазбаларды нақты кім тыңдап, кім Bloomberg-ке бергені белгісіз.

Журналистер Трамптан бұл тыңдаулар жөнінде және келіссөздерде бір тараптың ұсыныстары арбитрдің «бірлескен» позициясы ретінде көрсетілетін тәжірибе қалыпты ма деп сұрағанда, Трамп: «Бұл — қалыпты жағдай», — деп жауап берген.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары