Malim.kz
Сұқбат

Болат Назарбаев «Барыс» автобазарынан айырылды

Malim Админ

Қарасай ауданының прокуратурасы Болат Назарбаевқа жалпы көлемі 35 гектардан асатын жер телімдерін сатып алу-сату шартын жарамсыз деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгініп,  сот «Барыс» базары орналасқан жерді мемлекетке қайтару туралы қаулы шығарған болатын. Бірақ Болат Назарбаев шешімге қарсы шығып, апелляциялық шағым түсірді.

– Азаматтық істер жөніндегі апелляциялық алқа оның заңдылығы мен негізділігіне байланысты бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгеріссіз қалдырды, – деп хабарлады сотта.

«Барыс» автобазары Алматы-Бішкек тас жолының бойында, Қаскелең қаласында орналасқан. Базарда пайдаланылған автокөліктер мен авто бөлшектер сатады. Бұның алдында бұрынғы президенттің інісі "Алтын орда", "Орталық әмбебап базары", "Барыс-4" базарларынан айырылған. 

Malim Админ
Автордың басқа материалдары