Malim.kz
Әлем

Борис Джонсон: НАТО әскерін Украинаға қазір енгізу керек

Арман Қайыпхан
Фото: © ZUMA Press Wire via Reuters Connect

Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Борис Джонсон BBC арнасына берген сұхбатында НАТО әскерін Украинаға соғыс аяқталғаннан кейін емес, дәл қазір орналастыру қажеттігін мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.

Оның айтуынша, әңгіме ұрыс қимылдарына қатыспайтын бөлімшелер туралы болып отыр.

Джонсонның пікірінше, егер соғыстан кейін бітім орнаған жағдайда әскер орналастыру жоспары қарастырылып жатса, оны неге қазір жүзеге асырмасқа деген сұрақ туындайды. Ол сондай-ақ Ресейдің Украинаға қарсы кең ауқымды соғысын Батыс елдері Қырым аннексиясынан кейінгі агрессияға басқаша жауап бергенде болдырмауға болар еді деп есептейді.

Саясаткер Батыстың негізгі мәселесі – батылдықтың жетіспеуі екенін атап өтті. Оның сөзінше, Ресей президенті Владимир Путин Батыс еркін әрі тәуелсіз еуропалық Украинаны стратегиялық басымдық ретінде көретініне әлі сенбейді, сондықтан нақты шешімдер қабылданбайынша қысым жалғаса береді.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары