Malim.kz
Қоғам

Борышкерлердің құқығы қорғалады: Банктерге жаңа шектеу қойылды

Арман Қайыпхан
Фото: magnific.com

Енді қаржы ұйымдары қарызы бар азаматтарға шексіз қоңырау шала алмайды, деп хабарлайды Malim.kz.

Жаңа талапқа сәйкес, жұмыс күндері борышкерге таңғы сағат 08:00-ден кешкі 21:00-ге дейін ең көбі үш рет қоңырау шалуға рұқсат етіледі. Ал демалыс және мереке күндері қоңырау саны екі реттен аспауы тиіс.

Сондай-ақ банк қызметкері сөйлесу барысында өзін таныстырып, қаржы ұйымының атауын айтуы және негізгі қарыз, пайыздар мен айыппұлдар туралы толық ақпарат беруі қажет.

Бұдан бөлек, банктер мен коллекторларға клиенттерге психологиялық қысым көрсетуге тыйым салынады.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары