Malim.kz
Қоғам

БҚО әкімі: Билікке деген сенім – мемлекеттік қызметшінің жауапкершілігінен басталады

Айбын Атабай

БҚО әкімі Нариман Төреғалиевтің төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі аймақтық комиссия отырысы өтті.

Жиында декларациялау талаптарының сақталуы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және жаңа Құрылыс кодексінің ерекшеліктері талқыланды. Мониторинг нәтижесінде бірқатар мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйым басшылары декларация тапсыру мерзімін бұзғаны анықталды.

Жыл басынан бері өңірде сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы 500-ден астам ақпараттық материал жарияланды. Сонымен қатар, жаңа Құрылыс кодексіне сәйкес құрылыс саласындағы процестер Q-portal жүйесі арқылы цифрландырылып, рұқсат беру және сараптама жұмыстары автоматтандырылады.

Облыс әкімі мемлекеттік қызметшілердің адалдығы мен жауапкершілігі қоғам сенімінің негізі екенін атап өтіп, декларациялау бойынша ішкі бақылауды күшейтуді және құрылыс нысандарын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары